УЧРЕЖДЕНИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И ЭКОНОМИКИ КАЗПОТРЕБСОЮЗА"
РУС КАЗ

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

Жақсылықтың нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі — 8 НАУРЫЗ келді ортамызға! 💐💐💐

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілейміз! 🌹🌹🌹

 08 марта 2022